Қоғамдық орында былапыт сөз айтқандарға салынатын айыппұл төрт есе көбейді

Қоғамдық орында былапыт сөз айтқандарға салынатын айыппұл төрт есе көбейді

Қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл (ұсақ бұзақылық) Қазақстанда төрт есе көбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енеді. 

Енді қоғамдық орында былапыт сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина