Димаш Құдайберген АҚШ-тағы пәтерінің терезесіне Қазақстанның туын іліп қойған

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасына АҚШ-тағы пәтерінде түскен суретін жариялады. Онда ол үлкен терезеге Қазақстан жалауын іліп қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екінші фотода Димаш Қазақстан туының фонында домбырамен түскен.

"Лос-Анджелестің терезесі болса да, бірақ менің үйім Қазақстан", - деп жазып қойған әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің "Болашақ" стипениясының иегері атанғаны белгілі болған еді. Ол Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да "Режиссура" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!