Алматыда қар көшкінінен бір турист төменге қарай сырғып түскен

Алматылық құтқарушылары тауда 3 туристі құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 16:35-те  Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Алматы төтенше жағдайлар департаментінен жедел кезекшісінен шақыру түскен.

3 адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкінінен бір турист төменге қарай сырғып түскен.

РЖҚЖ-ның 5 құтқарушысы мен Алматы құтқарушылары адамдарға көмекке аттанды.

Құтқарушылар оларды Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!