"Аш болсаң өзіңе ұқсамайсың". Желіде дастарханға жүгірген жұрт сынға қалды

Әлеуметтік желіде дастарханға жанталаса жүгірген жұрттың видеосы тарады. TikTok қолданушыларының басым бөлігі оларды сынап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аш болғанда өз-өзіңе ұқсамайсың", - делінген видеода.

@ilyassuyumbaev #тынетыкогдаголоден ♬ оригинальный звук - Ильяс Суюмбаев

Алайда бұл жағдай нақты қайда болғаны айтылмаған. Сондай-ақ, пікір білдіргендер арасында жиналған жұрт ауыз ашуға келгенін айтқандар табылған. Енді біреулер бәрі бірдей Ораза ұстамағанын жазған.

"Бүйтіп ораза ұстамаса қайтеді? Сұмдық қой мынау", "Ауызды ашуға емес, тамақты пакетке салуға келген ғой мыналар", "Таңғалып отырмын", "Масқара, сабыр қайда?", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!