"Ұлымен бірге қалай жылап жібергенімді байқамай қалдым". Darkhan Juzz-дің балалары әкесінің марапатын алуға сахнаға шықты

Darkhan Juzz лақапатымен танымал марқұм әнші Дархан Жүнісбековтің Nauryz ұлттық телехикаялар бәйгесіндегі марапатын алуға сахнаға балалары шыққан. Жантебірентер видео Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушыларының бірі бұл ұлттық телехикаялар сыйлығын табыстау рәсімінде болғанын айтқан.

"Марапатты алуға сахнаға Дарханның балалары шықты", - делінген жазбада.

@atannynbasy Дети Дархана Juzz вышли на сцену за наградой #астана #дархан #дарханджуз #шекер #хочуврек #рек #fypシ #казахстан #darkhanjuzz ♬ Sheker - Darkhan Juzz

Кеше өткен байқауда "үздік саундтрек" номинациясы Darkhan Juzz-дің Sheker әніне берілген. Бұл байқау жеңімпаздары бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы алады.

TikTok қолданушылары әнші қашан да есте қалатын жарқын жұлдыз екенін жазған.

"Денем тітіркеніп кетті, Дархан аңыз", "Жандарым, баласы жылап жіберді ғой", "Ұлы жылап тұр ғой", "Әкелерінің қазасы ерте есейтіп жібергенге ұқсайды. Ұлымен бірге қалай жылап жібергенімді байқамай қалдым. Әкелерінің жаны жаннатта болсын", - дейді пікір білдіргендер.

Еске салайық, 24 ақпанда танымал қазақстандық музыкант қайтыс болды. Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әнші Дархан Жүнісбеков Таиландта жалға алған мопедімен жол апатына түсіп мерт болғанын растады.

24 ақпанда Арбатқа қазақстандық музыкантпен қоштасуға жүздеген жас жиналды. Олар марқұмның әндерін хормен айтты.

Ал қазақстандық õzen лейблі Дархан Жүнісбековтің жазып үлгермеген альбомы бар екенін және оны міндетті түрде жарыққа шығаратынын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!