Ештеңе кедергі болмаған: сотталған адам 2 жыл бойы колонияда интернет-алаяқтықпен айналысқан

Алматы облысындағы колонияда сотталған адам екі жылдан аса уақыт бойы интернет-алаяқтықпен айналысқан. Бұл деректі аймақ прокуратурасы анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, сотталған адам 2020 жылғы маусымнан биыл қаңтарға дейін 200-ге жуық алаяқтық жасаған. Зардап шеккендерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асады. Қылмыс түзеу мекемесінде ұялы телефондар мен ұялы байланыс операторларының түрлі SIM-карталары арқылы жүзеге асырылған.

"Бұл дерек 2023 жылғы 2 наурызда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған прокуратурада тіркеліп, Қонаев полиция басқармасының тергеу бөлімшесіне берілді", - деді облыстық прокуратура өкілі.

Тергеу барысында сотталған адамнан екі ұялы телефон мен 41 SIM-карта тәркіленген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!