"Елім барда далада емеспін". Нұрлан имам мешітте тұратынына қатысты пікір білдірді

Нұрлан имам бұған дейін сұхбаттарында мешітте тұратынын айтқан болатын. Алайда ол "ақша жинап, үй алып берейік" дейтіндерге қарсы екенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Имамның сөзінше, ата-анасының жақсы үйі бар. Бірақ өзі, расында да, мешітте тұрады. 

"Ардақты елім! Жүректеріңіздегі адал да кіршіксіз ниеттеріңізге жаратып Жасаған риза болсын! Шүкір, елім бар, жомарт халқым бар. Менің баспана туралы көп уақыт бұрын айтылған сөздерім біраз таралымда жүр екен. Қазір өзі не айтсақ та қиым болып, бөлшектеніп тұрған сәт. Сондықтан "ақша жинайық, қор ашайық" (дегендерге - еск.) әрі осы тақырып төңірегіндегі қосымша ақпараттарға сенбеңіздер. Елім барда мен далада емеспін!!! Алла Тағаланың берген 3 қыз 2 ұлым бар, Шүкір! 7 бала деген қате. Сұрақты дұрыс естімеген болармын, кешірім сұраймын..." - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан имам балаларымен мешітте тұратынын айтқаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!