"Ұйықтаймын" деген". Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болды. Әжесінің айтуынша, 16 жастағы оқушы сабақтан үйге келген. Түскі астан кейін ұйықтауға кеткен. Ал 2 сағаттан кейін ол сарайдан асылып тұрған жерінен табылған. Бала ол кезде қайтыс болған.

Қазір полицейлер өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары оның мұндай әрекетке неге барғанын анықтайды.

"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!