Астанадағы ойын-сауық орталығында эскалатор құлап, 3 адам зардап шекті

Астанадағы ойын-сауық орталығында эскалатор құлап, 3 адам зардап шекті
Фото: pixabay.com

Астанадағы "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында эскалатор кенеттен қатты жүріп кетіп, салдарынан екі ересек және бір бала зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Оқиға 31 наурыз күні сағат 23:52-де болған.

"Есіл ауданы Тұран даңғылы 24 мекенжайындағы "Сарыарқа" СОО-да алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа кенет қатты түскен. Ол уақытта эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төменге қатты түсуден екі ересек және бір бала аздаған дене жарақатын алды", - деді Руслан Иманқұлов.

Зардап шеккен адамдар медицина мамандары қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан