Франция Президентінің арнаулы өкілі Қазақстанға келмекші

Франция Президентінің арнаулы өкілі Қазақстанға келмекші
Фото: сomments.ua

Франция Президентінің арнаулы өкілі Қазақстанға келмекші, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ол 6 сәуірде келеді.

"Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмон 6 сәуір күні Қазақстанға сапармен келеді", - делінген жазбада.

Сонымен бірге сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Изабель Дюмонмен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан