Күтпеген сыйлық. Желіде нағашысы жиенінің бесік тойына көлік мінгізген видео тарады

Әлеуметтік желіде нағашы атасы жиенінің бесік тойына көлік сыйлаған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео 800 мыңнан аса қаралым жинаған. Кадрлардан қымбат сый Hyundai Elantra екені көрінеді. Оның биылғы нарықтағы құны шамамен 10 миллионға жуықтайды.

"Нағашы атасы немересіне осындай тұлпар мінгізді. Бесік тойда", - делінген видеода.

@salinda1212

Нағашы атасы немересіне бесік тойда осындай тұлпар мінгізді

♬ оригинальный звук - Saltanat Bekzhigitov

"Мынау Димаш немересіне Арман нағашы атасының мінгізіп жатқан аты", - дейді видеодағы әйел.

Желі қолданушылары да керемет көрініске жағымды пікірлер жазып, нағашы жұрттың жиеннен ештеңені аймайтынын жеткізген.

"Нағашылар ғана осындай", "Нағашы атасына тағы бір немере керек емес пе?", "Нағашы деген сондай ел ғой", "Қазағым мәрт қой", "Игілігіне мінсін", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!