Көшелер көк түтін. Ақтау тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды

Маңғыстау облысында тұрғындар қалада жағымсыз иіс бар екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күйік иісі біраз аймақты қамтыған. Тұрғындардың сөзінше, Бейнеу ауданының ғана ауасы таза. Басқа ауыл-аймақтардың бәрінде иіс бар. Экологтар кеше түннен бері жер-жерді шарлап, түтіннің қайдан шығып жатқанын анықтап жатыр.

"Газдың иісі емес. Арнайы құрылғымен тексердік. Бұл газ емес. Күйіктің иісі. Тікұшақпен төңіректі тексермесе болмайды", - дейді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Гүлім Лұқпанова.

Осы мәселеге қатысты арнайы штаб құрылған.

Lada.kz мәліметінше, өңірлік ТЖД Маңғыстау аумағында ірі өрт тіркелмегенін хабарлаған. Ал бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, көршілес Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!