"Құдай берген дауыс". Тойда ән шырқаған әже Қазнетті таңғалдырды

"Құдай берген дауыс". Тойда ән шырқаған әже Қазнетті таңғалдырды
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде тойлардың бірінде әженің ән айтқан видеосы тарады. Оның әнді орындау шеберлігі Қазнеттегілерді таңғалдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүргізуші, шоумен Төлеген Дүсіпов ерекше видеолар жариялаған. Екі видео да 100 мыңнан аса қаралым жинаған. Зейнеткер видеода құйқылжытып ән орындайды.

"Бибігүл Төлегеновадан кем айтпады", - делінген видеода.

@dyussupovtolegen Кешегі тойдан естелік?#НаурызМейрамыҚұттыБолсын#БибигүлТөлегеновна ♬ оригинальный звук - Толеген Дюсупов

Пікір білдіргендер зейнеткердің мұндай өнеріне таңданыспен қараған. Өйткені, расында да, оның дауысы КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегеновадан кем түспейтіні байқалады.

"Пай, пай керемет", "Дауысыңызға тәнті болып отырмын", "Құдай берген дауыс", - дейді олар. 

Желі қолданушылары арасынан оның кәсіби музыкант, профессор екенін айтқандар да табылған.

"Керемет! Ағайша Исағұлова апамыз. Профессор, музыка факультетінде сабақ берген. Аман болыңыз, апай", "Профессор Ағайша апай. Аман болсын. Музыканың жілігін шағып, майын ішкен апай", "Бұл - Ағайша Исағұлова деген апамыз. Ұзақ жыл Женпиде сабақ берген. Сазгер әнші апамыз", - дейді білетіндер.

Ағима (Ағайша) Исағұлова - әнші, сазгер, сырнайшы. Ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры. Қазір оның жасы 75-те. Бір кездері әнші атақты "Айгүл" вокалды-аспаптық квартетінде өнер көрсеткен.

Сондай-ақ, шоумен оның орындауындағы тағы бір әнді жүктеген. Ал Желідегілер арқаны қоздыратын бұл танымал "Көкпар" әнінің авторы да осы әже екенін айтқан. Алайда ашық дереккөз мәліметтерінде бұл әннің сөзін жазған Жұматай Жақыпбаев екені, әні Ағайша Исағұлованікі екені айтылады.

"Менің ұстазым. "Көкпар" әні. Әні мен сөзін өзі жазған", - дейді Желідегілердің бірі.

@dyussupovtolegen Ответ пользователю @dyussupovtolegen Көкпар әні #БибигүлТөлегеновна #ОразаҚабылБолсын ♬ оригинальный звук - Толеген Дюсупов

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова