"Бұрынғы әйелімен және оның сүйіктісімен тұратын болды". Ақтөбеде ерекше іс қаралды

"Бұрынғы әйелімен және оның сүйіктісімен тұратын болды". Ақтөбеде ерекше іс қаралды
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелін сотқа беріп, ортақ пәтерде тұру құқығын қорғап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап. 

Ақтөбеде азаматтық істер бойынша сотта ерекше іс қаралды. Ер адам бұрынғы әйелінің үстінен сотқа шағым түсірген. Ол бұрынғы әйелімен ортақ пәтері бар екенін, қазір ол басқа ер адаммен бірге тұратынын және ол өз үйінен кеткенін түсіндірді. Ол сот арқылы даулы пәтерге кіруге рұқсат беруді, оған жеке бөлме бөлуді, дәлізді, дәретхананы және ас үйді ортақ пайдалануда қалдыруды талап етті.

Жауапкер сотта бұрынғы күйеуінің үйге көшуіне кедергі жасамайтынын және оған қонақ бөлмесін беруге дайын екенін айтты. Сот ажырасқан талапкердің талабын әділ деп тауып, одан кейін 15,7 шаршы метр тұрғын бөлмені, ал жауапкер үшін 13,2 шаршы метр бөлмені белгіледі. Сот шешімі бойынша, бұрынғы ерлі-зайыпты жуынатын бөлмені, дәретхананы, дәлізді және ас үйді тең құқықта пайдалана алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек