Ольга Рыпакованың күйеуі ШҚО мәслихатының төрағасы болып сайланды

Ольга Рыпакованың күйеуі ШҚО мәслихатының төрағасы болып сайланды
Фото: instagram.com/rypakov_denis

Олимпиада чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованың күйеуі Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық мәслихатың хабарлауынша, 30 наурызда сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының І сессиясы өтті.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерайсын Нәбиев қатысушыларды облыстық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларымен таныстырып, депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.

"Сессия барысында депутаттар мәслихат төрағасы етіп Денис Сергеевич Рыпаковты сайлады, тұрақты комиссиялардың құрамын және олардың төрағаларын сайлады, - делінген хабарламада.

Денис Рыпаков 1980 жылы 20 тамызда Алматыда туған. Білімі бойынша дене шынықтыру мұғалімі, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясының дене шынықтыру институтын бітірген.

"Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" құрметті атақтары бар. Ольга Рыпаковаға үйленген. Екі баласы бар.

2019 жылдың маусым айында Рыпаков ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2021 жылғы 14 қаңтарда жетінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан