"Пәтер, тегін ем, көлік". Берденов депуттарға жасалған жағдай туралы айтты

Жаңадан сайланған депутат Руслан Берденов депутаттарға жасалған жағдай туралы және бұл қызметтің ауыр тұстарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Оқырмандарының бірі Берденовтен "өткен өміріңізді сағынбайсыз ба" деп сұрады.

 "Әрине, сағынасың. 10-12 шаршы метр кабинетте отырып, жұмыс істеу оңай емес. Шетелге қалаған уақытыңда шыға алмаудың өзі ауыр. Ең қиыны - өз уақытыңның иесі емессің. Өмірімде өз уақытымның иесі болуға талпындым, ал енді ондай еркіндік жоқ. Біз депутаттық өмірдің бір пайдасын немесе рақатын көруге келмедік", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, ол қысқаша депутатқа қандай "әлеуметтік пакет" берілетінін айтты.

"Біріншіден, Нұрсаядан орташа пәтер; Жылына бір рет тегін ем кабылдау; Бекітілген көлік пен жургізуші берілмейді, тек жұмыс бабымен қажет болғанда, ортақ автопарктен алдын ала тапсырыс беріп бір көлік алсаң болады, әр көлікте GPS орнатылған", - деді Берденов. 

Еске салайық, бұған дейін депутат Руслан Берденов журналистерден неге "қашқанын" түсіндірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!