Түркиядағы жер сілкінісінен 49 күн өткеннен кейін үйінді астынан мысық тірі табылды

Түркиядағы жер сілкінісінен 49 күн өткеннен кейін үйінді астынан мысық тірі табылды
Фото: aa.com.

Түркияның Кахраманмараш қаласында 6 ақпанда болған жер сілкінісі кезінде құлаған 11 қабатты үйдің қирандыларының астынан Хан есімді мысық шығарылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

Нида Дина қызымен және мысықпен бірге Оникисубат ауданындағы 11 қабатты үйде тұрған. Үй иесі мен қызы алғашқы дүмпулерден кейін үйден шығып кеткен. Жер сілкінісі салдарынан үй қирап қалған. Әйел мысығын іздеп, үйінің жанында 40 күн болған. Содан үйінділер тазартыла бастағанда, мысық бұрын асхана болған жерден кілем үстінен табылды. Мысық ветеринарға жеткізілді,  жануардың аяғы сынған және қатты сусыздану салдарынан әлсіреген.

Фахри Хатипоглу мысықты үйінділерді тазалау кезінде көргенін айтады. Жануарды ғимарат үйінділерінің астынан шығару сәті де ұялы телефон камерасына түсіп қалған.

Т. Раушанұлы