ҚТЖ-ның 17 қызметкері теміржолды жөндеу кезінде 127 миллион теңге ұрлаған

ҚТЖ-ның 17 қызметкері теміржолды жөндеу кезінде 127 миллион теңге ұрлаған
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚТЖ қызметкерлері теміржолды жөндеу кезінде 127 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.

Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ Қарағанды бөлімшесінің 17 жұмысшысы екі жыл бойы темір жолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаған.

Шығын көлемі 127 миллион теңгеден асады, бұл - 800 тоннаға жуық материалдар.

Ұрланған тауарларды сатып алушылар, орналасқан жерлері және оларды тасымалдайтын жүк көліктері де анықталған.

Сот санкциясымен Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ, желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек