Рим Папасы ауруханаға түсті

Рим Папасы ауруханаға түсті
Фото: vatican.va

Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Понтифик тыныс алу жолының инфекциясына шалдыққан. Ватикан бұл Covid-19 індеті емес деп мәлімдеді. 

Бір күн бұрын Франциск тыныс алуы қиындағанын айтып шағымданған. Католик шіркеуінің басшысы ауруханада бірнеше күн емделеді. Ватикан осы аптада жоспарланған барлық іс-шара мен кездесуді кейінге шегерді.

86 жастағы діндардың денсаулығында кінәрат көп. Екі жыл бұрын оның асқазанына операция жасалған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек