Депутат Нұртай Сәбилянов тегін жұмыс істеуге дайын екенін айтты

Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов депутат ретінде алатын жалақысы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистер Сәбиляновтан депутат жалақысы туралы сұрады. 

"Депутатқа қандай жалақы тағайындалса, сондай жалақы алуға болады. 200 мың теңге болса да жұмыс істеуге дайынмын. Маған салса, тегін жұмыс істеуге дайынмын. Ақша не атақ үшін емес, халық үшін жұмыс істеймін. VII шақырылымда депутат болған жоқпын, сондықтан қазіргі жалақыны білмеймін. Ал VI шақырылымда  комитет төрағасы ретінде жалақым 1 миллион болған, одан 20 пайыз ұстаған. Жалақымның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынмын", - деді ол. 

Сондай-ақ, Нұртай Сәбилянов пәтер туралы сұраққа да жауап берді. 

"Мен 4 рет Мәжіліс депутаты болдым. Бірақ бұған дейін депутаттық пәтер алмадым. Ол кәсіпкерлікпен алынған пәтер. Мен 3 кәсіпкерлік субъектінің құрылтайшысы болдым", - деді депутат. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!