Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен полицияға барды

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болған екінші қазақстандық өз еркімен полицияға барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі растады. 

"Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген екінші қазақстандық кореялық полицияға өз еркімен барды. Қазақстан Республикасының Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық ер адам Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болғанын хабарлаған едік. Олар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен барған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!