Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман мен найзағайға байланысты ескерту жасалды

Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман мен найзағайға байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синопиктері ертең, 29 наурызда Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман және найзағай болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында түнде жане таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Шымкентте те 29 наурызда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан