Мәди Такиев Президент әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды

Мәди Такиев Президент әкімшілігіндегі лауазымнан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Мәди Такиев бұл қызметке 2020 жылғы қыркүйекте тағайындалған. Ол бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!