Табиғи апаттар қай жерлерде болуы мүмкін? Көріпкел 2023 жылға арналған болжам жасады

Табиғи апаттар қай жерлерде болуы мүмкін? Көріпкел 2023 жылға арналған болжам жасады

"Экстрасенстер шайқасы" жеңімпазының айтуынша, аномалиялар мен табиғи апаттар кейін шегінер емес. Александр Шепс teleprogramma.pro сайтына берген сұхбатында 2023 жылға болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соңғы бірнеше жыл бойы әлемде түрлі күтпеген жағдайлар орын алып жатыр. Алдымен коронавирус эпидемиясы тарады: біз үйден шықпай, басқалармен кездесуге қорықтық, ковидтің барлық түрлерін зерттедік. Одан кейін Ресей мен Украина арасында соғыс басталды.

Ал осы жыл табиғи апатпен басталды. 6 ақпан күні Түркия мен Сирияда жер сілкінісі болды. Сарапшылар бұл дүмпулерді әлі де зерттеп жатыр. Бұл туралы "Экстрасенстер шайқасының" 14-маусымының жеңімпазы Александр Шепс те өз ойын білдірді. 

Көріпкелдің айтуынша, әлемдегі кернеулік енді оянып жатыр. Александр Шепс уақыт өте үйлесімсіздік тек көбейе береді. Аномалиялар мен табиғи апаттар да кейін шегінбейді.

"Мұндай құбылыстарды әдетте болжау оңай емес. Тек бір нәрсені айта аламын: бізді ғаламдық катаклизмдер күтіп тұр. Оған қоса, мүлдем күтпеген жерлерде", - деді Александр Шепс.

Соңғы кездері беймәлім ұшатын объектілерді көргені жайлы хаттарды немесе видеоларды жиі кездестіруге болады. Көріпкел "жақын арада өзге ғаламшарлықтармен байланыс бола ма" деген сұраққа жауап берді.

"Менің ойымша, ол баяғыда-ақ болып қойды", - деді ол.

Осыған дейін якутиялық көріпкел де 2023 жылға арналған өз болжамын ұсынған болатын.

А. Жапатова