"Болашақ палуан, нағыз жігіт". 5 жасар бала Қазнетті тәнті етті

"Болашақ палуан, нағыз жігіт". 5 жасар бала Қазнетті тәнті етті

Желіде бес жасар баланың көкпар тартып ойнаған видеосы тарады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео User есімді TikTok қолданушысының парақшасында пайда болды. Әлеуметтік желіде 318 мың қаралым, 15 мың лайк жинаған видеоға көпшіліктің ықыласы ерекше болған.

Онда 5 жасар бала әкесінің жасап берген атымен жердегі "серкені" тақымға қысады. Аузымен қамшы тістеген кішкентай көкпаршының әрекеті көпті сүйсінтті. 

@user6253821460671

♬ оригинальный звук - Али

Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір қалдырған.

"Міне, нағыз ұл балаға тәрбие", "Батыр жігіт бол, балапан", "Болар бала бесігінен", "Болашақ палуан, нағыз жігіт", "Күшті ойлап тапқан, Көкбөрінің ұрпағы өсіп келеді".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы