Даниялық әзілкеш қазақстандық футболшыларды Бораттың суретімен әжуалады

Даниялық әзілкеш Андерс Фельстед футболдан Дания құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчінде Қазақстан құрамасынан жеңілгеніне (2:3) пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз олардан жеңіліп қалдық", - деп жазды Фельстед. Ол Қазақстан құрамасының ойыншыларының бетіне Бораттың жүзі бейнеленген суретті бөліскен.

"Данияға алдыңғы іріктеу кезеңінде қанша гол соқса, бір таймда Қазақстан Данияға сонша гол соқты", - деп жазған әзілкеш.

Еске салайық, 26 наурызда "Астана-Аренада" өткен ойында отандастарымыз 3:2 есебімен жеңіске жеткенін хабарлаған едік. Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы екінші ойында 3 ұпайға қол жеткізді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!