Ақтаудағы үш баланың өлімі: көршілері жантүршігерлік қылмыс болар алдында ер адам не істегенін айтты

Ақтаудағы үш баланың өлімі: көршілері жантүршігерлік қылмыс болар алдында ер адам не істегенін айтты
Фото: "Астана" телеарнасы

Ақтаудағы үш баланың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Кәмелетке толмаған балалардың денесі бірнеше күн бұрын пәтерден табылған еді. Бұл іске күдікті ретінде балалардың туған әкесі танылған. Ол 2 айға қамауға алынды. Ал жақын маңдағы дүкеннің сатушысы ер адам қайғылы оқиғаға дейін ішімдік пен үш балмұздақ сатып алғанын айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, жергілікті қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан Facebook-парақшасында бірінші баланы өлтіргеннен кейін ер адам бұрынғы әйеліне сурет жібергенін жазған.

"Трагедия күні күдікті бірінші баланы өлтіріп, бұрынғы жұбайына қорқынышты кадрлар жіберген. Осы уақытта қалған екі бала көрші бөлмеде болды", - дейді ол.

Қайғылы жағдайға дейін көршілер балаларды әкесімен бірге көрген. Көршілердің айтуынша, олар кіреберіске кірген. Сонымен қатар, қайғылы оқиға болған пәтерде ешкім тұрмаған.

Бірақ жергілікті дүкендегілер сол күні ер адам олардан бір бөтелке арақ пен үш балмұздақ сатып алғанын айтты.

"Ауысымдағы қыз дүкенге кіргенін айтты. Арақ пен үш балмұздақ сатып алған. Полицейлерге де солай деді", - дейді дүкендегілер.

Полиция бұл мәліметтерді айтпаған. Тек 36 жастағы күдіктінің 2 айға қамауға алынғаны туралы хабарланды. Ал өлтірілген балалар 7, 9 және 12 жаста болған. 

Еске салайық, 24 наурызда Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталған болатын. Ақтаудағы 27-шағынауданда орналасқан пәтерден зорлықпен өлтірілген жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады. 

Артынша күдіктінің суреті тараған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова