"Шамамен 350-400 миллион теңгеден". Билік өкілдері мінген лимузиндер қоқыста жатыр

"Шамамен 350-400 миллион теңгеден". Билік өкілдері мінген лимузиндер қоқыста жатыр
Фото: Kolesa.kz

Қытайда қоқыста жатқан Hongqi лимузиндері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде қараусыз қалып, шіріп жатқан бірнеше Hongqi түскен видео жарияланды. "Китайские автомобили" басылымы бұл 2010 жылдары билік өкілдері мінген L5 лимузиндері екенін жазған. Сол кезде бағасы 5-6 миллион юань (шамамен 350-400 миллион теңге) болған екен.

Марка L5 седанының алғашқы буынын 2013 жылы таныстырды. Ұзындығы - 5.5 метр, дөңгелек базасы 3.4 метр автомобиль 408 ат күшіне ие 6 литрлік 12 цилиндрлі мотормен жүрді. Кейбір мәлімет бойынша компания 500 машина шығарып, еркін саудалаған.

Видео авторы роликті Hongqi зауытының маңында түсіргенін жазыпты, қоқыста жатқан серия алды прототиптер екен. Оларды компания аса сәнді моделін тестілеу үшін қолданып, сынақ мерзімі аяқталған соң қараусыз қалдырған. Блогердің сөзіне кейбір көліктің камуфляжбен қаптаулы тұрғаны дәлел бола алады.

Басылым мәліметінше, көліктердің мұнда он жылдан аса уақыттан бері тұрған болуы мүмкін. Сол аралықта лимузиндер әйнегі мен оптикасынан айырылып, дөңгелегінің желі шыққан, салоны да бүлініпті, шанағын тот басқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина