Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo екі жүк көлігі соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.

Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!