Астанада тағы тұман: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 28 наурызда республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 8-13 градус жылы болады. 29 наурызда түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с болады.

ҚМЖ Семейде 27 наурыз сағат 21:00-ден 28 наурыз сағат 21:00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жариялады.

ҚМЖ Өскеменде, Риддерде 27 наурыз сағат 21:00-ден 28 наурыз сағат 21:00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!