Мысыққа қарғыбау керек пе?

Мысыққа қарғыбау керек пе?
Фото: freepik.com

Экология министрлігі бір жыл бұрын қабылдаған үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік ережелеріне түзетулер даярлады. Ал зоотехниктер нормативтік құқықтық актінің ең маңызды тармақтары алынып тасталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жанна Қосубаева мысығын жанынан бір елі қалдырмайды. Тіпті төртаяқты үй жануарын қорғаушысы деп санайды. Оның мысығы қарғыбауға үйретілген екен. Жаннаға жаңа түзетулердің барлығы ұнай бермейді. Мысалы, мысықтарды қарғыбаумен ұстау дұрыс өзгеріс деп санамайды.

"Менің сүйікті мысығым бар. Оны осы түсініксіз заңдардан қалай қорғаймын? Оның ешкімге зияны жоқ. Тіпті адамдар көп жерде бой көрсетіп жүрмейді. Бұл заң күшіне енсе, оны қорғау үшін қандай да бір әдістермен ұстауым керек. Парадокс", - дейді Жанна Қосубаева.

Алайда үй жануарларын қорғаушылар бұл түзету маңызды екенін айтады. Бір жыл бұрын олар республикалық деңгейде үлгілік ережелерді әзірлеуге қатысқан кезде бұл тармақтардың барлығы болған. Бірақ мақұлданбаған. Бұл үй жануарларын қорғаушыларды таңғалдырған. Мысалы, бұрын ережелер тіпті кішкентай иттерді қарғыбауларымен серуендеуге нұсқау берген. 

"Егер заң қабылдағаннан кейін бірден әрекет ете бастаса, біз көптеген даулы және ауыр мәселелерді тез шеше аламыз. Қаңғыбас жануарлардың өсуі тоқтайды. Себебі олардың көпшілігі үйде туады. Меншік иелерінің жауапкершілігі артады. Адамдарға жасалған шабуылдар саны азаяды", - дейді зооқорғаушы Наталья Уголькова

Түзетулер 6 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында талқылауға шығарылған. Ол осылай қабылданса да, өңірлердегі мәслихаттар оларға өз деңгейінде түзетулер енгізе алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова