Шүкенов, FIFA, ғарыш. Айналымға ерекше монеталар шығады

Шүкенов, FIFA, ғарыш. Айналымға ерекше монеталар шығады
Фото: Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық банкі 2023 жылғы 28 наурыздан бастап жаңа коллекциялық монеталардың сатылымға шығатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстанды монеталар арқылы зертте!" сериясынан Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы.

Сынамасы 925/1000 күміс монетасы түрлі түсті баспа технологиясы арқылы дайындалған. Массасы - 31,1 грамм, мөлшері - 30х45 миллиметр, дайындау сапасы - proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана.

"Спорт" монеталар сериясымен шыққан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. 925/1000 сынамасы бар күміс монеталардың массасы - 20 грамм, диаметрі - 37 миллиметр, дайындау сапасы - proof, номиналы 100 теңгелік, Қазақстанның ішкі нарығына арналған саны - 3 650 дана.

Номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан SALIÝT-1 монеталарының бейнесі

"Ғарыш" монеталар сериясымен шыққан SALIÝT-1 коллекциялық монеталары нейзильбер қоспасынан (МН 15-20) тұрады. Массасы - 11,17 грамм, диаметрі - 31 миллиметр, дайындау сапасы - uncirculated, номиналы - 100 теңгелік, таралымы - 100 000 дана.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек