Атырауда жоғалған сәби аман-есен табылды

Атырауда жоғалған сәби аман-есен табылды

Атырауда жоғалып кеткен сәби аман-есен табылды. Оқыс оқиға 26 наурызда Балауса ықшамауданында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ата-анасы төрт жасар баласынан белгісіз жағдайда көз жазып қалған. Шамамен сағат 11.00-де үй ауласынан шығып кеткен баланы Балауса, Еркінқала ықшамаудандары тұрғындары аяғынан тік тұрып іздеген. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.

Арада шамамен 5 сағаттай уақыт өткенде бала аман-есен табылды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала дренажға құлап кетіп, жатып қалған. Қазір бүлдіршін ата-анасының жанында. Жағдайы қалыпты.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова