Алматыдағы базарда екі адам жанжалдасып, бірі екіншісінің бетіне оқ атып жіберген

Алматыдағы базарда екі адам жанжалдасып, бірі екіншісінің бетіне оқ атып жіберген

Алматыдағы базарлардың бірінде екі адам жолға таласып, бірі екіншісінің бетіне оқ атып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. Видеода ер адам екінші адамның бетіне оқ атып, артынан теуіп жібереді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty)

Алматы қалалық ПД аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында жанжал туындап, артынша олардың бірі қарсыласының бетінен атқан.

Күдікті қамауға алынды. ИЖ газ тапаншасы тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина