"Палуан, жарайсың". 84 рет лақ көтерген бала Қазнетті тәнтті етті

"Палуан, жарайсың". 84 рет лақ көтерген бала Қазнетті тәнтті етті

Наурыз мерекесін тойлаған Байғанин ауданының жұрты балалар арасында ерекше ойын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Саламат Хамитов есімді TikTok қолданушысының парақшасында пайда болды. Әлеуметтік желіде 565 мың қаралым, 27 мың лайк жинаған.

Видеода жарысқа шыққан Салауат есімді 5 жасар бала ешкінің лағын иығына салып 84 рет жұлқа көтереді.

 

@sake_ak2be #наурыз #қораши #2023 #Наурыз2023 #ауыл #актобе #байғанин #салауат ♬ оригинальный звук - Саламат Хамитов

Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір қалдырған.

"Палуан жарайсың, болашақ чемпион", "Мен бұлай жәй ғана 84 рет отырып тұра алмаймын", "Белі ауыратын болды", "Жарайсың, алар асуың көп болсын", "Батыр бала", "Не болсада намысты жігіт екен".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы