"Өте қарапайым кісі екен". Рахмонов Тоқаевпен кездесу қалай өткенін айтты

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу қалай өткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Өте қарапайым кісі екен. Өткенде де Наурыз мейрамында құттықтап, арнайы қабылдаймын деп айтқан болатын. Сондықтан бүгін келіп, бетпе-бет сөйлесіп, жақыннан таныстық. Кездесу керемет өтті. Мен үшін үлкен абырой. Бәріңізге көп рақмет", - дейді Рахмонов. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдаған болатын. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!