"Қатерлі ісік қаупін азайтады". Ең пайдалы шай қандай?

"Қатерлі ісік қаупін азайтады". Ең пайдалы шай қандай?
Фото: ru.freepik.com

Адамдар мәңгі өмір сүре алмайды. Олардың өмір ұзақтығына көптеген факторлар әсер етеді. Ұзағырақ өмір сүрудің бір құпиясы - пайдалы шай ішу.

Күніне бірнеше кесе шай ішу қысымды қалыпта ұстауға көмектеседі және жүрекке жағымды әсер етеді. Шайдың қан жолдарын кеңейтетін, несеп айдағыш, микробқа қарсы емдік қасиеттері бар.

Belnovosti.by порталы ең пайдалы үш шайды ұсынды.

Көк шай

Ол жүрек ауруларының және қатерлі ісік түрлерінің қаупін азайтады. Бұл өнім құрамында оны ең пайдалы ететін антиоксиданттар мен аминқышқылдар бар.

Шөптік шай

Ол деменция және созылмалы аурулар қаупін азайтады. Шөптік шай жаралар түзілуінің алдын алады және қанайналымды жақсартады.

Алатікен шайы (расторопша)

Алатікен шайы уытсыздандырғыш әсерге ие және бауырдың табиғи қорғаушысы. Оның құрамында адам денсаулығы үшін маңызды дәрумендер мен минералдар бар.

А. Жапатова