Павлодар облысында екі ер адам із-түзсіз жоғалған

Павлодар облысында бір ауданда тұратын екі ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Рoiskoviki_pavlodara_vita тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еріктілердің айтуынша, екі адам да әртүрлі уақыт аралығында бір ауданда жоғалып кеткен.

"Илья Сагайдак 23 наурызда үйден шығып, қайтып оралмаған. Үйден кетер алдында туыстарына біраз уақытқа кететінін айтқан. Телефоны мен құжаттарын, ақшасын үйінде қалдырып кеткен. Бұған қоса, жұмысқа шықпаған. Ал Галкин Межекенов 19 наурызда шығыс өнеркәсіп аймағында жұмыстан шыққан, бірақ үйіне немесе жұмысқа қайтып оралмаған", - дейді еріктілер.

Еріктілер іздестіру шараларына атсалысқысы келетіндерге +7 (747) 615 55 63 (Катерина) немесе +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне қоңырау шалуды, сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткендер туралы қандай да бір ақпарат болса, осы нөмірлер бойынша хабарласу сұралады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!