"Елу мың теңге береміз". Қанай Қабдол мен Жандос қалай алдап соққанын айтты

Қанай лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай той бизнеске қалай келгенін айтып берді. Ол Taboo бағдарламасында қонақта болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, жақын достары шабытын ашқан. Олар алғашында Қанай тойға шығып, табыс табуы үшін алдаған екен.

"Менің ол кезде тойға шықпайтын ұстанымым болды. Шығармашылық адамы болдым. Батысқа еліктейтін әнші болдым. Өлеңдерім америкалық. Бірақ ол тойға өтпейді. Той әнім болмады. Жазғым да келмейтін, "халтура" деп қарайтынмын. Ақша жоқ. Балдар да ақша жоқ екенін көреді. Балдар (Жандос пен Қабдол - еск.) кейін айтады, былай алдадық дейді: "ақшаң жоқ екенін білеміз, бірақ өнерің бар екенін, актерлік жағынан, әншілік жағынан білеміз. Көтерілсе екен деп жүреміз. Той иесі ән айтатыныңды біліп қалды. "Елу мың теңге береміз, екі үш ән айтып кетсін" деп айтты дейді. Екеуі 25, 25 мыңнан шығарып, маған 50 мың береді. Сөйтіп, солай алдайтын болған. Той иесі де танымайды мені. Сөйтіп, шабытымды ашқан ғой", - дейді әнші.

Айта кетейік, Қанай, Жандос, Қабдол Меховая 8/1 атты топ құрамында әлі де бірге өнер көрсетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!