Әнші Нағима Есқалиеваға ұлы 33 миллионның көлігін сыйлады

Әнші Нағима Есқалиеваға ұлы Диас Аблаев көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Диас қуанышты сәтті видеоға түсіріп, парақшасында бөліскен. Нағима Есқалиева ұлының сыйлығына қатты таңғалған. 

Аблаев анасына Zeekr спорттық электркарын сыйға тартқан. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, көліктің құны 33 миллионнан басталады. Әншінің оқырмандары Диастың бұл әрекетіне тәнті болған. 

"Алтын әншінің алтын ұлы. Жарайсың, Диас", "Нағима ханым - аңыз адам, әбден лайық", "Ұлың болса сендей болсын, анасына зор құрмет көрсеткен", "Диас нағыз үлгі боларлық жігіт, жарайсың", - дейді Желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Диас Аблаев та бүгінде эстрададағы жарқын әншілердің бірі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!