Беліңіз қылдай болады: қытайлық арулар жасырып жүрген құпия жаттығу

Әлеуметтік желіде қытайлық арулар жасап жатқан жаттығудың видеосы тарап жүр. Кейбір қолданушылар мұны қытайлық арулар жасырып жүрген құпия жаттығу екенін жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, бұл жаттығудың тағы бір атауы - Киат Джуд Дай (Kiat Jud Dai). Оны жасау үшін арнайы құрылғы қажет емес. Жаттығудың бұл түрін фитнес залында да, үйде де жасауға болады. Тек ырғақты музыка қажет болуы мүмкін. Себебі жаттығу бимен байланысты. 

Бұл жаттығуды ойлап тапқан адамдардың сөзінше, оны орындауға небәрі 3 минут қажет. Есесіне, 30 ккалдан арылып отырасыз. Жаттығуды мына ретпен жасау қажет:  

  1. Орныңыздан тұрып, аяғыңызды сәл кеңірек қойып, түзу тұрыңыз (суреттегідей)
  2. Жамбасыңызды алға және сәл жоғары көтеріңіз, яғни жамбас бұлшықеті мен пресс жұмыс істеуі қажет
  3. Одан кейін денеңізді босатып, бастапқы қалыпқа келіңіз
  4. Бұл жаттығуды үш минут бойы бірнеше рет қайталау қажет

Жақсы нәтиже шығуы үшін осыған ұқсас 4 жаттығу істеу қажет. Жаттығулар билеу режимінде жасалады. Жаттықтырушылардың сөзінше, кейбір жаттығулардан кейін үш минуттан соң 40 ккалдан арылып отыруға болады.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!