Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінісі болды

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінісі болды
Фото: elements.envato.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 19:14-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 828 шақырым жерде, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты - 11.0. MPV магнитудасы - 5.2. Эпиорталық координаттары - 37.09° с.е. және 71.37° ш.б. Тереңдігі - 100 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина