Турнирдегі жантебірентерлік көрініс жұртты тамсандырды

Желіде спортшы балаға қолдау көрсеткен бапкер қыздың видеосы тарады. Кадрларға қарағанда оқиға каратэдан өткен республикалық турнирде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok әлеуметтік желісінде жантебірентер видео тарады. Видеоға жарысқа түскен балаға барынша қолдау көрсетіп тұрған жаттықтырушы қыз түсірілген. Жаттықтырушы түрлі жолдарды айтып, спортшы баланың жеңуіне барынша қолдау білдіріп тұр. Оның әдіс-тәсілдерді дауыстап айтып қана қоймай, өзі бірге көрсетіп тұрғаны көпшілікті тамсандырды.

@baha.mmaa Аналарымыз аман болсын??#рек #рекомендации ♬ оригинальный звук - Әділет Жауғашар??

Видео 44 мыңнан аса қаралған, пікір қалдырғандар да көп. Сонымен қатар, екі мыңға жуық адам видеоны басқалармен бөліскен.

Кадрларға ана туралы әуен қойылған, сондықтан болар көпшілік видеодағы ана мен бала деген тұжырым жасаған. Пікір қалдырғандардың көбі ананың қолдауы маңызды екенін айтып, видеоға тамсанған.

"Анасы жас кезінде бапкер болған сияқты", "Әрқашан қолдау көрсететін аналарымыз аман болсын", "Анасы да спортпен айналысатын сияқты", "Бұл - жаттықтырушы, тұрмыс құрмаған, өте кермет ару, жаттықтырушы", "Міне, қолдау", "Батырды, тәрбилеп жатыр", - деп пікір қадырған Желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!