- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Асаубаева мен Әбдімәлік...
Асаубаева мен Әбдімәлік арасындағы жанжал: ФИДЕ пікір білдірді
Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Үндістанда өткен әйелдер Гран-приінің 11 қатысушысына жергілікті ұйымдастырушылар жіберген қателіктер үшін кешірім сұрап хат жолдады. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік хат жолданған шахматшылар қатарында жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ФИДЕ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Үндістанда әйелдер арасындағы Гран-при турнирінің дұрыс ұйымдастырылмағаны үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Шахматшылардың бірінің турнирге қатысудан бас тартуына әкелген проблемалар мен қолайсыздықтар үшін қатты өкінеміз", - делінген хатта.
Президенттің үндеуінде ФИДЕ қосымша үйлестіруші тағайындайтыны, ол қатысушылардың толық құзырында болатыны және олар туындауы мүмкін кез келген қосымша шығынның орнын толтыратыны айтылған.
Сондай-ақ, Дворкович әйелдер турнирін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар мен стандарттарды мұқият қарап шығуға және алдағы іс-шараларды ұйымдастырушылардың біліктілігін арттыруға уәде берген.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәліктің арасында Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты жанжал шыққаны хабарланған болатын. Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынап, жазба жариялады. Өз жауабында Жансая Әбдімәлік "жауап беретін кез келгенін" айтқан. Толығырақ - мына сілтемеде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан