"Тұрмысқа шығып, борщ пісіріп отырған дұрыс". Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік жанжалдасып қалды

"Тұрмысқа шығып, борщ пісіріп отырған дұрыс". Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік жанжалдасып қалды

Қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram әлеуметтік желісінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті өзімшілдік пен кәсіпқойлығына қатысты қатаң айыптаған жазбасын жариялады.

"Шахмат, әрине, жеке спорт түрі. Бірақ жеке адам болу мен жеке болу екі бөлек нәрсе. "Әр адам өзі үшін" деген ұғымды кейде кейбіреулер "қалғандарына түкіргенім бар" деп түсінеді. Онда олардан сыпайылық немесе жай кешірім сұрауды ешқашан күтпеу керек пе? Мұндай адамдар айналасындағылардың бәріне ашықтан ашық өтірік айтса, қандай сыпайылық туралы айтуға болады", - деп жазды спортшы.

Бибісара Асаубаеваның айтуынша, Жансая Әбдімәлік "ең алдымен шахматшы екенін ұмытқан".

"Жансая мен тағы он бір шахматшы, соның ішінде мен де кеше Делиде болдық. Онда маңызды турнир болатын. Гран-при. Бәрі жақсы болар еді, бірақ ол кенеттен турнирден кетуге шешім қабылдады - ұйымдастырушылар оны дұрыс қарсы алмаған көрінеді.

Ол мұны өте оғаш, тіпті негізсіз істеді: ол ашылудан бір сағат бұрын әріптесімізге телефон арқылы қайта ұшқалы жатқанын және әуежайда екенін айтты, біз шұғыл жиналыста әрі қарай не ісейтінімізді шешіп жатқанда, ол тәкаппарланып қонақүйде жайбарақат жүрді", - деп қосты ол.

Бибісара турнирді ұйымдастырушыларға шынымен де сұрақтар бар екенін айтты.

"Бірақ сұрақтардың көбі Жансаяға қатысты. Оның спортқа сай емес мінез-құлқына. Оның орынсыз эмоциясына. Әріптестеріне, жалпы өмірге деген көзқарасына. Атап айтқанда, кәсіпқойлығына қатысты. Спортшылар кез келген форс-мажор жағдай мен сынақтарға дайын болуы керек. Егер бірдеңе болып қалса, жылап, беріле салу емес. Егер Жансая сияқты әрбір ұсақ-түйекке мән берсе, спортты тастап, тұрмысқа шығып, борщ пісіріп отырған дұрыс", - деп түйіндеді шахматшы.

Бұған Жансая Әбдімәлік жауап берді. Ол Бибісара Асаубаеваның өзіне қарсы айтқандарына мән бермеуге тырысқанымен, "тойтарыс беретін кез жеткенін" жазды.

"Асаубаева өз жазбасында қолданған суреттің қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін және шахмат жанкүйерлерін шатастыратынын айта кетейін, сурет 2021 жылы әлем чемпионатында түсірілген.

Үндістанда Гран-придегі жағдай туралы: Мен және менің әріптестерім (соның ішінде Асаубаеваның өзі) ұйымдастырушылар тарапынан жасалған жағдайға (жұмсақ сөзбен айтқанда) ренжідік және көңіліміз қалды. Өзіміз келіскеннен кейін ФИДЕ президенті мен басшылық аппаратына ұжымдық хат жазуды жөн көрдік", - деп жазды ол.

Хатта қазақстандық спортшылар өздерінің наразылықтарын білдіріп, турнирді басқа уақытқа ауыстыруды ұсынды, деп қосты Жансая.

"Хатқа Гран-при қатысушыларының барлығы дерлік қол қойды (оның ішінде Асаубаева да). Хат жоғарыда. Ұйымдастырушылар турнирдің басталуын белгісіз уақытқа кейінге шегеруге мәжбүр болды.

Мен ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович пен атқарушы директор Эмиль Сутовскийге осындай жағдайда ойнамау туралы шешімімді жеке өзім хабарладым. Жоғарыға Аркадий Владимировичтің жауабын қосамын.

Бибісара Асаубаеваның өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, мен бұл шешімге өкінбеймін және шахматшылардың қауіпсіз және лайықты жағдайда ойнауға лайық екеніне сенімдімін", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ♕ Жансая Абдумалик (@zhansaya_abdumalik)

Сөзінің соңында Жансая Әбдімәлік өз елін әрқашан мақтанышпен және абыроймен таныстыратынын баса айтты.

"Мен Үндістандағы Олимпиаданы әлі күнге дейін жылы лебізбен еске аламын, бірақ Делиде ұсынылған шарттар шынымен де қолайсыз. Мен әріптестерімнің хатын жариялағаным үшін кешірім сұраймын, бірақ атымды қорғау үшін мұны істеуім керек болды.

P.S. Мен міндетті түрде тұрмысқа шығамын және күйеуіме қуана борщ пісіріп беремін. Мен отбасылық өмір мен кәсіби мансабын сәтті үйлестіретін көптеген тамаша шахматшыларды білемін және оларды шын жүректен тамасанамын", - деп түйіндеді шахматшы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан