Бала нашар баға алса неге ұрысуға болмайды?

Бала нашар баға алса неге ұрысуға болмайды?
Фото: Depositphotos

Психологтар егер бала нашар баға алса, онда ата-ана оған ұрыспауы керек, өйткені бұл білімге ынталандырмайды, тек ата-анадан қорқу, өтірік пен сенімсіздікке әкеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы, балалар емханасының клиникалық психологы Мария Макухинаның айтуынша, баланың үлгерімі өте маңызды, бірақ психологиялық тұрғыдан алғанда, тек үш баға ғана қолданылатын қазіргі мектептегі бағалау жүйесі білім деңгейін де, оқудағы үлгерімін де көрсетпейді.

"Мысалы, диктантта 20 қате жіберген бала екі алады. Қателерімен жұмыс істегеннен кейін ол 10 қате жібереді, орасан зор жұмыс жасап, үлкен жетістіктерге жетті, бірақ оның бағасы өзгермейді. Ата-ана осыны ескеріп, балаға қатты қысым жасамауы керек", - дейді маман.

Ол ұрыс қате реакция екенін, өйткені бұл теріс нәтижеден басқа нәтиже бермейтінін атап өтті.

Егер баланы сабақ үлгерімі нашар деп ұрысса, ол ата-анасынан қорқып, өтірік айтып, бағасын жасыра бастайды. Сонымен қатар, бұл оқуға ынталандырмайды, бала ата-анасы үшін оның білімі маңызды емес, алған бағасы маңызды екеніне сенеді", - деп түсіндірді Мария Макухина.

Психологтың пікірінше, баладан мәселенің неде екенін сұрау әлдеқайда тиімді - бұл оларды қатемен жұмыс істеуге ынталандырады, өзін-өзі реттеуге және өзін-өзі бақылауға үйретеді.

"Мүмкін нашар бағаның себебі білімдегі әлсіздік емес, зейін қоймау, шаршау болуы мүмкін. Егер баға біліміне емес, мінез-құлықына қатысты болса, бұл жағдайда баланың жетістігі туралы мүлде айтпау керек", - деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол баладан көмек қажет пе деп сұрауды ұсынды: мүмкін көмекші табу керек немесе оған қиын тақырыпты түсінуге көмектесуіңіз керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан