Ерке мен Raim-ның неліктен заңды неке қидырмағаны белгілі болды

Ерке мен Raim-ның неліктен заңды неке қидырмағаны белгілі болды

Ерке Есмахан мен Raim мұсылманша неке қидырған болатын. Сүйінші жаңалықты әншілердің өзі бөліскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында оқырман сауалына жауап берген әнші қыз неліктен әлі күнге заңды неке қидырмағандарының себебін айтты.

"Раиммен неге заңды некеңіз жоқ?," - деп сұраған желі қолданушыларының бірі әншіден.

Ал Ерке Есмахан заңды неке қидырмауының себебі жұбайының жұмыстарына байланысты екенін жеткізді.

"Жолдасым жасатамыз деп жүр. Концерттен қолы енді босады. Алда неке жүзігімен әдемі заңды неке қидырамыз, бұйырса", - деп жауап берді Ерке Есмахан Instagram парақшасында.

Еске салайық, 23 қаңтарда әнші Райымбек Бақтыгереев (Raim) пен Ерке Есмахан неке қидырған болатын. Ал кеше 19 ақпанда Ерке "сырғалым" атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова