Ақтөбе облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Ақтөбе облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Ақтөбе облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жол апаты Жем қаласында 24 наурызда болған.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұғалжар ауданы, Жем қаласына кіре берісте мұнай компаниясының қызметкерлері мінген пойыз бен Niva көлігі теміржол өткелінде соқтығысқан.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген, бірақ көлік қатты зақымданған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова