Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 наурызда күндіз Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2021 жылы дүниеге келген марқұм бала Түркістан облысы Сауран ауданы Балтакөл ауылынан Қандөз ауылына анасымен бірге қыдырып келген.

"Сағат 11:30 шамасында бала С.Молдалиев көшесіндегі ауладағы құдыққа құлап, көз жұмды", - делінген хабарламада.

ТЖД оқиғаның басқа мәліметтерін жарияламады. Болжам бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!