Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгінгі ауа райы болжамы

Қазгидромет 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың арқасында тұрақсыз ауа райы қалыптасады.

Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман сақталады, жел күшейеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова